Жаңалықтар
Дауыс беру – азаматтық міндет
Шет ауданындағы №599 сайлау учаскесінде мәслихат депутаттарын сайлауда ең бірінші болып, дауыс беруге келген азамат – 71 жастағы Саят Малтабаров.

Сайлау науқанына белсенді қатысқан ақсақал таңертең сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады.
– Елдің болашағы мен өңірдің өркендеуі үшін әрбір азаматтың таңдауы маңызды. Сондықтан сайлауға қатысып, дауысымды беруді азаматтық міндетім деп санаймын. Жұртшылықты да белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға шақырамын, – дейді Саят Малтабаров.
Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»
Шет ауданы.



