Ресми

Теміртау қаласының әкімі де таңдауын жасады

Теміртау қаласының әкімі Сапар Сатаев өзі тіркелген Қарағанды индустриялық университетінде орналасқан №265 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Таңдауын жасағаннан кейін ол:

– Бүгін мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл сайлау – еліміздегі саяси жаңғыру үдерісінің маңызды кезеңдерінің бірі. Депутаттық құрамның жаңаруы өңірлердің дамуына жаңа серпін беріп, билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Депутаттардың жауапкершілігі мен бастамашылдығы тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешілуіне және қаламыздың өркендеуіне тікелей ықпал етеді. Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын, азаматтық ұстанымын білдіретінін көрсетеді. Жаңа мәслихат құрамы халықтың сенімін ақтап, Теміртау қаласы мен облыстың дамуына лайықты үлес қосады деп сенемін, – деді.

Ержан Имаш,
ТЕМІРТАУ

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button