ЖаңалықтарАймақ
Белсенділік танытты
Бүкіл еліміздегідей Нұра ауданының сайлау учаскелері де таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады.

Сайлаудың алғашқы сәтінен-ақ азаматтық белсенділік танытқан тұрғындар дауыс беруге келді. Соның бірі – Акуан Хавдалхан. Жас жігіт – «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамында жұмыс істейді. Алғашқылардың бірі болып белсенділік танытып, өз таңдауын жасаған азамат Қазақстанның жарқын болашағына зор сенімде.
Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»



