Поэзия

Аспанда Сол Ару Қыз ұшты алаң боп…

Аруы Адамзаттың – Өлең деген!

Туасы лебізіне елеңдеп ем.

Көрінсе ол өзегімді өрт көмеді,

Өлең деп туған неткен

өлермен ем?!

Өңім — ол,

Кейде, мүмкін, түсім еді.

Ұшырып көкке,

Жерге түсіреді.

Бір әйел түсінбеген жүрегімді,

Осы Ару ғана үнсіз түсінеді.

Көргенде көресінді пасықтардан,

Жүректің пернесін басып қалған.

Меніңше,

Мұнда жүрген мен түгілі,

Пушкин де осы әйелге ғашық болған.

“Алла – Алаш” Адамзатың –

Үш Таған” деп,

Аспанда Сол Ару Қыз ұшты

алаң боп.

Соңынан қалмағаным рас шығар,

Қолынан, бірақ, оның ұстағам жоқ!

Сөйлейді не айтса да иландырып,

Жүректен ес кетеді, мидан — күдік.

“А” десе —

Аузынан кіл гүл төгіліп,

… Қартайып барам соны

жинап жүріп…

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button