Спорт

Төрт алтын, екі күміс

Гір көтеру спортынан Ақ­тауда өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған чемпионатқа ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз төрт алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

Сурет дене шынықтыру және спорт басқармасынан

85 келіге дейінгі салмақта гірді ұзын циклмен серпе көтеру түрінде бақ сынаған жерлесіміз Александр Комаров қарсылас шақ келтірмей, өз салмағының үздігі атанды. Ал, жасөспірімдер арасында 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дәурен Қадыр да Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, Дәурен осы салмақта жұлқа көтеруден де бақ сынап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Никита Золотухин болса, жұлқа көтеруден 73 келіге дейінгі салмақта алтынға бір табан жетпей, күміс медаль еншіледі.

Ал, ардагерлер арасында сынға түскен тағы үш жерлесіміз де Азия чемпиондары атанды. Олардың қатарында 73 келіде бақ сынаған Мақсат Борамбаев, 85+ келіде Арсентий Ганженко және 85 келіде өнер көрсеткен Ержан Құсайынов жеңіс тұғырынан көрінді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button