Жаңалықтар

Қарағандыда заңсыз сатылып жатқан алкоголь өнімдері анықталды

Қарағанды қаласында акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған жоспарлы профилактикалық іс-шара өтті. Шара барысында полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады.

Сурет облыстық полиция департаментінен

25 мамыр күні Киров полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақты аралау кезінде азаматтың тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сақтап, бөлшек саудада сатып жүргенін анықтаған. Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 300 бөтелке алкоголь өнімі  заңсыз тәркіленді.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап алкоголь өнімдерін заңсыз сату саласындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жауапкершілікті көздейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, кінәлі тұлғаны заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Полиция кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заң талаптарын қатаң  сақтауды ескертеді.

Осындай құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

 Жанерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button