АймақБас тақырып

Қарағандыда балаларға арналған арнаулы орталыққа жаңа автобус сыйға тартылды

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандандырылған орталықта болды. Өңір басшысы тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап, олардың сабақтарға және түрлі іс-шараларға жайлы қатынауы үшін жаңа автобус тарту етті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Соңғы жылдары орталықта ауқымды жұмыстар атқарылды: ғимараттар жаңартылды, аумақ абаттандырылды, бассейн құрылысы аяқталуға жақын, балаларды оңалту мен дамытуға арналған заманауи жабдықтар сатып алынды. Мұның барлығы әрбір баланың өзін мұнда жайлы әрі сенімді сезініп, өз қабілеттерін толық ашуы үшін жасалып жатыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Халықаралық Балаларды қорғау күнімен орталық тәрбиеленушілерін Baquatty Aimaq Qory қорының құрылтайшысы Долорес Пішенбаева құттықтады. Ол сондай-ақ мекеме қызметкерлері мен оның жаңғыртылуына атсалысқан барлық жандарға алғысын білдіріп, балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Екі жыл бұрын біз командамен бірге осы жаңғырту жобасын бастағанда, ең алдымен балалар туралы – олардың жайлылығы, қолайлы ортасы және даму мүмкіндіктері туралы ойладық. Біз әр бала өзін сенімді сезініп, болашағын қалыптастыра алатын кеңістік құруды мақсат еттік. Бірақ кез келген маңызды өзгерісті адамдар жасайды, сондықтан мен орталық қызметкерлеріне және осы жобаның дамуына үлес қосқан барлық жандарға алғысымды білдіремін, – деді Долорес Пішенбаева.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button