АймақБұқар жырау
Қарлагта көрсетілген көрме
Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде Долинка кентіндегі “Не исчезло все” ұйымы ұйымдастырған шараға барып, онда осы қасіретті күнге арналған көрмелерін көрсетті.

Олар осы көрмеге өздерінің мұражай қорында неміс суретшісі Генрих Фогелерге қатысты материалдар мен фотосуреттерді жинақтап, ала барды.

Кезінде жазықсыз жазаланып, саяси тұтқын есебінде Қарлагта отырған неміс суретшісінің өмірі мен шығармашылығы жөнінде сыр шертетін көрмені осында келген қонақтар қызыға тамашалады.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



