Поэзия

Қара қазан

 

Киелі зат қазақта қара қазан,

Жаугершілік кездері қадым заман

Шәйіт болып рулы ел, бір шақалақ

Қара қазан астында қалған аман.

 

Басымыздан өткеріп қилы заман,

Осы күнге, шүкірлік, жеттік аман.

Аш баланың үмітін жалғаған да

Қара суға қайнаған қара қазан.

 

Қайырмасы:

Қара қазан,

Қайнамаса көңіл алаң,

Төңкерілсе ырым жаман.

Қара қазан,

Тосырқаған тоқ буынға

Тимесінші сенің налаң.

Жерім бүтін,

Қабырғалы елім аман

Ауызың болсын жоғары

Қара қазан.

 

Төңкеріліп қалса да қара қазан,

Төңкерісті тойладық, Ұлы Қазан.

Бүтін ғасыр өтсе де, сол сойқанға

Еске түссе кетеді әлі мазам.

 

Қуанғанмен туды деп жаңа заман,

Жерім үшін дау болған  көңіл алаң.

Күйттегені қазақтың сол баяғы

Сары бала қамы үшін қара қазан.

Қайырмасы.

Сөзі: Қанат Отарбаевтікі

Әні: Амангелді Шақарбаевтікі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button