Баған

Қарағандыға Жастар үйі керек

Жиындарда жастар жайлы әңгіме өрбісе «әлеуметтік саясаттағы басым дықтың бірі – жастарға және жас өспірімдердің болашағына кең ауқымды инвестиция құю» дейтіндер көп. Маңызды басқосуларда осындай салмақты әңгімелер жиі айтылған соң, бірі болмаса бірі қабыл болып, көп жобаның Жастар жылында жүзеге асатынынан үмітті едік. Бұған негіз қалар «Жастар саясаты туралы» Заң бар. Ақыры, Жастар жылы да аяқталды. Қарағандылықтардың Жастар үйін ашып беруді сұрағанына да біршама уақыт өтіп кетті…

Суретте автордың өзі

Газетте білім мен спорт саласына жауапты болғандықтан, халықаралық пәндер олимпиадасының жеңімпазы атанған мектеп оқушыларынан бастап, әлемдік спортта ел байрағын жел біретіп жүрген чемпион жерлестермен жиі әңгіме құрамыз. Әсіресе, қазақстандық спортта өзіндік үлесі бар қарағандылық спортшылар «бір шаңырақ астында бас қосатын Жастар үйі керек» екенін жиі айтады. «Біз бір ортада болсақ, дайындықта төккен тер мен жеңіс сәтіндегі бақыттың балдай дәмін» айтамыз. Кіші – үлкенге, үлкен кішіге бағыт береді. Осыны мектеп оқу шыларының арасында насихаттап, орталыққа келген оқушыларға бағытымыз бен ұстанымымызды үйретер едік. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында әлем чемпионы болғысы келетіндер көп. Әрбір үйде бір-бір чемпион елеусіз отырған шығар», – дейді дзюдошы Жансай Смағұлов. Дзюдошы сөзінің жаны бар. Жастар үйінің бір бөлігін дзюдошылар мектебіне берсе, соның өзі бүлдіршінге ерік пен жігер берер еді, бәлкім.

Білім бәйгесіндегі үздіктердің де әңгімесі – осы. Қарағандылық жас химик Олжас Нұрпейісовтің сөзі «Маған зейін мен зеректік тұрғысында тәжірибе алмасатын орталық керек. Өзім секілді химиктермен пікір алмасқым келеді. Білмегенін үйретер едім» дегенге саяды. Кеншілер шаһарының оқушылары республикалық пән олимпиаларынан жылда бірінші орында қанжығаға байлайтынын ескерсек, ойланатын мәселенің бірі – осы. Шығармашылық ортада жүрген жастар да өздері жиналатын бір орталықтың ашылуынан үмітті. Кез келген шарада өнеріне сүйсініп, көп шілік қошеметтейтін жігіттер «кейде поэзиялық кештер мен рухани шараларды өткізетін жер іздейміз. Ешкімнен сұрамайтын мәдени орталығымыз болса» деп жүр.

Біздің биылғы Еріктілер жылынан күтер үмітіміз көп. Аталған жылды ла йықты өткеруге облыстан 5 мыңға жуық жас азамат атсалыспақ. Олар ел мен бірге әлеуметтік, спорттық, экологиялық және тағы басқа бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады. Қашанда қоғам болып атсалысатын шаралардың алдында ерікті жастар жүретінін ескерсек, олардың да пікірі мен қалауына құлақ түретін кез келген секілді. Олай дейтінім, облыстың әрбір бесінші тұрғыны – 30 жасқа дейінгі жастар. Аймақтағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың биылғы мәліметінше, жүргізіліп жатқан жұмыстарға үнемі жоғары баға беретін – жастар. 89,4%ы – еліміздегі саяси жағдайды қолайлы деп санайтындықтан, үндеулерге үн қосатын да 30 жасқа дейінгілер. Олардың өңірлік саясатқа да көзқарасы – оң. Өздерін «еліміздің шынайы патриотымыз» деп санайтын жастардың 96,1%ы Отанын ерекше қастер тұтатынын айтыпты. Ендеше, Отанын шексіз сүйетіндердің бір тілегін неге орындамасқа?!

Аяулым СОВЕТ,

«Ortalyq Qazaqstan» газеті білім, ақпарат және спорт бөлімінің меңгерушісі.

Басқа материалдар

Back to top button