Ақтоғай

Ақтоғай жұртының құрметі

Ақтоғай жұрты азаматтарына құрмет көрсетті. Конституция күні мерекесіне орай өткен жиында осы өңірдің бірнеше тумасына Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы атағы тапсырылды.

Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімі Салтанат Әбеуова Конституция күнінің маңызына тоқталды. Осы жерде ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Қайырбек Сәдуақасовқа, нарманбеттанушы, өлкетанушы Аманкелді Туғанбайға және белгілі ғалым Алтай Зейнелғабдинге Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы атағын табыстады. Талай жылғы ерен еңбектің өтеуі осы болар! Азаматтарын алақанға салып, ардақтаған ақтоғайлықтарға «бәрекелді!» дестік.

Сондай-ақ, бұл жиында «Астана қаласына – 20 жыл» мерейтойлық медалімен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қажымұрат Баймұхатов марапатталды.

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button