Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанды
Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының мүшесі Әнел Тәшбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілді

Отандасымыз жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 11 минут 32.57 секундта жүріп өтті.
Екінші орын Каролина Гайдуковаға (Словакия) бұйырды – 11:37.62. Ал ресейлік Ангелина Новолодская үздік үштікті түйіндеді – 11:43.65.
Айта кетейік, осымен Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын алса, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медальға ие болған еді.
Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



