Бас тақырыпСпорт

Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

Криштиану Роналду футбол тарихындағы кезекті рекордын жаңартты. 41 жастағы португалдық шабуылшы Сауд Арабиясының чемпионатындағы «Эр-Риядқа» қарсы матчта гол соғып, 25 маусым қатарынан ұлттық біріншілікте гол соққан алғашқы футболшы атанды. Бұл жайлы sport12.kz хабарлады. 

Сурет футболшының ресми парақшасынан

Роналду бұл жетістікке 21 тамызда өткен кездесуде қол жеткізді. «Әл-Наср» қарсыласын 4:0 есебімен жеңіп, чемпионаттағы маусымды сәтті жалғастырды. Команда сапындағы голдардың бірін Роналду соқты.

Осылайша португалдық жұлдыз өзінің ерекше тұрақтылығын тағы бір дәлелдеді. Оның кәсіби мансабындағы гол саны қазіргі таңда 977-ге жуықтады, ал футболшы тарихи 1000 гол межесіне жақындап келеді.

Роналду үшін 2026 жыл да рекордтарға толы болып отыр. Биылғы ол алты әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы атанды. Бұл жетістік оның ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде ойнап келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.

Португалиялық шабуылшы мансабының соңғы кезеңіне жақындағанын да бұған дейін айтқан. Алайда жаңа рекордтары оның футболдағы жолын әлі де тарихтың ең жарқын тарауларының бірі ретінде жалғастырып отырғанын көрсетеді.

Диас СЕЙІЛҒАЗИН
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button