Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Дастан Сәтбаев Англияда ресми дебютін жасады

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтбаев Англия чемпионатындағы алғашқы ресми ойынға қатысты. 23 тамызда Чемпионшиптің 2-турында «Бернли» сырт алаңда «Вест Бромвич Альбионнан» 1:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Сурет клубтың ресми парақшасынан

Сатпаев кездесуді қосалқы құрамда бастап, 57-минутта алаңға шықты. Бұл 18 жастағы футболшының «Бернли» сапындағы ғана емес, жалпы Англия чемпионатындағы алғашқы ресми матчы болды.

Ойынның алғашқы жартысында есеп 1:1 болып аяқталды. Екінші таймның басында алаң иелері қайта алға шықса, 65-минутта үшінші голын соғып, матчтағы соңғы есепті белгіледі. Сәтбаевтың алаңға шығуы кездесудің нәтижесін өзгерте алмады.

Статистикалық порталдың бағалауынша, қазақстандық шабуылшы дебюттік ойынында жаман көрінген жоқ. Sportarena мәліметінде оған 6,2 баға берілген.

Сатпаев «Бернлиге» осы маусымда «Челсиден» жалға келген. Лондондық клуб 14 тамызда қазақстандық футболшының трансферін ресми түрде растаған. Келісім бойынша ол 2026/27 маусымын Чемпионшипте өткізеді.

Бұл ойын Сатпаевтың Англиядағы үлкен жолының алғашқы қадамы болды. Енді қазақстандық жанкүйерлер оның Чемпионшиптегі келесі матчтарында негізгі құрамнан орын алып, алғашқы голын соғуын күтеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ 
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button