Бұқар жырауАймақ

Ерекше жандарға – ерекше назар

Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеу үлкен шыдамдылықты, ерекше әдіс-тәсілдерді және шынайы құрметті талап етеді. Бұл бағыт психологиялық қолдауды, арнайы бейімделген оқыту немесе еңбек жағдайларын және әлеуметтік интеграцияны қамтиды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Әрбір ерекше жандардың қабілеті мен мүмкіндігіне қарай арнайы әдістемелерді қолдану, құрмет пен теңдік, олардың орнына шешім қабылдауға асықпай, өз бетінше әрекет етуіне жағдай жасауды, қоғамға араласуына, өзін еркін сезінуіне көмектесу керек.

Осы бағытпен жұмыс жасайтын Доскей Мәдениет үйінің қызметкері Айнұр Какубаева Мәдениет Үйінің меңгерушісі Ілияс Шәбікей, әншілер Жайқалсын Әбілмәжінов, Азира Саинова олармен танысып, көңілдерін көтеру мақсатында ауылдағы көзінен зағип Айнаш Исабекова және Нұрсұлтан Жанкелдінің үйлеріне барып, жұмыс жоспарымен бөлісіп, көңілдерін көтеру мақсатында ән айтып,сыйлықтар табыстап қайтты.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button