Жаңалықтар

Биылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның жалпы өңірлік өнімінің көлемі артты

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 382,4 млн. теңгені құрады.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросынан

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті.

Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды.

2026 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) иеленді.

ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т) қосты.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button