АймақБас тақырып

Қарағандылық дәрігер мемлекетке масыл болғысы келмейді

Қарағандылық акушер-гинеколог  Жанна Амирбекова декреттік демалыстан жұмысқа оралып, бала күтіміне қатысты мемлекеттік жәрдемақы алудан бас тартқанын мәлімдеді. Бұл жағдай Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жеке жауапкершілік тақырыбы қызу талқыланып жатқан тұста ел назарын аударды.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Әлеуметтік желі арқылы тараған дәрігердің бұл қадамы мемлекетке тәуелді болмай, өз еңбегімен табыс табуға ұмтылудың көрінісі ретінде есте қалды.

«Мен декреттік демалыстан кейін, қайта жұмысқа шықтым. Әлеуметтік жәрдемақыдан өз еркіңізбен бас тартасыз ба деген сұраққа “иә” деп жауап бердім», – деді Жанна Амирбекова.

Айта кетсек, Қазақстанда бала тууына және бала күтіміне байланысты бірнеше түрлі төлем қарастырылған. Олардың бір бөлігі республикалық бюджеттен төленсе, енді бірі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Төлемдерді тағайындау шарттары да әртүрлі.

Әлеуметтік төлемдер – заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес азаматтарға көрсетілетін қолдау. Әр отбасының материалдық жағдайы мен бала күтіміне қатысты мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, мұндай мәселеде жеке таңдау мен нақты жағдайды ескерген жөн.

Жанна Амирбекованың шешімі қоғамда еңбекке оралу, дербестік және әлеуметтік қолдаудың маңызын тағы бір еске салды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button