Жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатты

Қазақстандық теле-радиоарналар жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты хабар таратуды тоқтатты, деп хабарлады теле-радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор – “Қазтелерадио” АҚ.

Ақпаратқа сәйкес, радио және телеарналардың жұмысы бүгін 03.00-ден 17.00-ге дейін тоқтатылады. 

“Қазтелерадио “АҚ спутниктік және эфирлік телевизиялық және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты телевизиялық және радио сигнал жойылады”, — делінген хабарламада. 

Осыған байланысты “Қазтелерадио” уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 

Дереккөз:  sputniknews.kz 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button