Жаңалықтар

«7-20-25» бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарна төмендейді

Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында педагогтар мен дәрігерлерге және полицейлерге «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна төмендетіледі. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген нақты тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында, білікті ұстаздар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және өңірге қажет басқа да мамандық иелеріне «7-20-25» бағдарламасының бастапқы жарнасын төмендету бойынша жұмыстар басталды. Қазіргі таңда Шымкент қаласы, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен тиісті меморандумдарға қол қойылды», – деді Қайрат Алтынбеков Парламент Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button