Ымыра ыдырамасын
Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мақаласы – бүгінгі елең-алаң уақытта жұртты сабырға шақырып, тұма тілек ақтарған дүние.
Біртұтас ел болып, бейбіт күн кешуіміз – сауатты әрі сабырлы жүргізілген саясаттың жемісі, Елбасының еңбегі. Бейбітшіл, тұрақтылығы мен татулығы жарасқан ел ретінде алысжақынға танылдық. Дәл қазір жұмылып жұдырық болып, ымыраны ыдыратпай, бірлігімізді көрсететін кез. Қазағым – ыкылымнан бері парасатты, ұлы халық. Әрқайсымыз өзімізді реттілікке бейімдейік. Дәл қазіргі пандемия кезінде тек тәртіп пен сабыр керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен құзырлы ұйымдар барлық мүмкіндікті жасауда. Ендеше, уақыт талабына үндес әрекет етейік.
Күліш ТӨЛЕУХАНОВА,
Қарағанды облысы ҚХА
Аналар кеңесінің мүшесі.