АймақБас тақырып

Қарағанды облысында жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына тыйым салынды

Қарағанды облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысына енгізілген маусымдық шектеулердің сақталуына бақылау жалғасуда. Қолданыстағы қағидаға сәйкес, 1 маусым мен 15 тамыз аралығында ауа температурасы +25°C-тан жоғары болған жағдайда сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін дара оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына тыйым салынады.

Сурет облыс әкімдігінен

Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, шектеулер енгізілгелі бері 39 жүк көлігі уақытша тұраққа қойылған. Ауа температурасы төмендегеннен кейін немесе шектеу мерзімі аяқталған соң олардың қозғалысына қайта рұқсат берілген.

Сондай-ақ өңірде 10 шілде мен 10 тамыз аралығында «Назар аударыңыз! Ауыр салмақты көлік құралы!» профилактикалық акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты – ауыр және ірі габаритті жүктерді тасымалдауға бақылауды күшейтіп, жолдардың сақталуын қамтамасыз ету. Инспекция тасымалдаушыларды бағыттарын алдын ала жоспарлап, қолданыстағы маусымдық шектеулерді қатаң сақтауға шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button