Пікірлер

Дамудың ұлттық ұстыны

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы ұлттық дамуымызға тұғырнама іспетті десек, артық айтқандық емес шығар.

Мұнда айтылған басым бағыттардың бірі – ұлттық мәдениет пен тарихқа қатысты тұрлаулы пікірлері мен көзқарастары халқымыз үшін ауадай қажет деп білемін. Тіпті, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық нәубетінің өзі Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмапты. Алаш арыстарының көзқарастары мен нұсқаған жолын мұрат тұту, тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар мен желтоқсандық боздақтарды құрметтеп, үлгі тұту тұрғысындағы пікірлері – елдіктің қайнарына апаратын игі бастамалар. Әсіресе, «Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды… Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын», – дегені ел сеніміне үлкен демеу болды. «Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық білуге міндетті» деп Президент өзі қадап айтқан соң, бұдан былай қазақ тілі шын мәнінде өркен жаяды деген сенімдеміз.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі,

Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Басқа материалдар

Back to top button