Жаңалықтар

Кітап – жан сарайы

Сейсенбі күні Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Ашық есік күндері өткізілді. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізіне бағытталған.

Шараның мақсаты кітапхана оқырмандарының аясын кеңейту, кітапхананың қызметтерімен таныстыру және кітапхананың оң имиджін қалыптастыру болып табылады.

Кітапхана Ашық есік күні аясында жас оқырмандар үшін бағдарламаға енгізілген қызықты ақпараттандыру жарыстарын ұйымдастырды. Мәселен, «Кітап әлемі» библиосеруені, «Өлкетанумен таныс болыңыз» – өлкетанулық ресурстарды таныту, тақырыптық кітап көрмелері көптің көңілінен шықты. Сол сияқты оқу залының қызметкерлері «Сіз – кітапханашы, мен – оқырман» атты ойын ойнатты. Онда кітапханашылар мен шараға қатысушылар өзара орын алмасып, біріншісі екіншісінің «бейнесіне» енді. Студенттер бір серпіліп қалды.

Ұйымдастырушылар instagram желісінде «Гоголевка оқырман көзімен» атты байқау жариялапты. Ең көп лүпіл жинаған оқырмандарға арнайы сыйлық табыстамақшы.

Екі күнге созылған Ашық есік күніне арнайы келген оқырман қарасы қалың. Кітапхананың бірінші қабатындағы «Тілегімізді қабыл алыңыз» тақтасына оқырмандар тілектерін жазып қалдырды. Шара соңында викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берген 6 студент 1 жылға ламинатталған оқырман билетін тегін алу мүмкіндігіне ие болды.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button