Шеберлікті шыңдау – жаңа форматта
Еліміздің кемел болашағының көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы мәселе әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлауды талап етеді.
Қазіргі таңда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін жобалау» тақырыбында аралас оқу режиміндегі қашықтықтан оқытудың біліктілікті арттыру курсы өтуде. Курстың мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мекемелері тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, аралас оқу режиміндегі (blended learning) курсында қашықтықтан оқытудың қыр-сырын меңгерту. Осы мақсатта заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, жұмыстан қол үзбей, курсты қоса алып жүріп, тыңдаушылар өз бетімен білім алу дағдыларын жетілдіруде.
Сонымен қатар, қашықтықтан оқытатын онлайн форум режиміндегі онлайн сабақтарға қатысып, өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндіктер жасалған. Курс барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласындағы үздік шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибеге салыстырмалы талдау жасау негізінде, әдістемелік жұмыстардың нақты әдіс-тәсілдерін үйренудеміз.
Аралас оқу режиміндегі (blended learning) курсты ұйымдастырып отырған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ бұл курсты кәсіби тұлғалық шеберлікті шыңдай отырып, ақпараттық құзыреттілікті нығайта түсіп, әр тыңдаушыға іс-тәжірибе барысында қолдануға мүмкіндік беріп отыр.
Р. СӘТТІБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы. Н.КИСРАУНОВА,
№42 «Тілек» бөбекжайының тәрбиешісі.