Жаңалықтар

Әзірлік пысықталды

Қарағандыда зымыран тасығыштардың құлауы нәтижесінде болуы мүмкін төтенше жағдайлар зардаптарын жою бойынша «Протон – 2018» оқу-жаттығу шаралары өтті.

Сценарий бойынша қалдықтардан зымыран отыны – гептил ағып, жарылыс болып, дала өртке оранды. Полиция мен төтенше жағдайлар мамандары оқиға орнына жедел жетіп, аумақты қоршады. Құтқарушылар арнайы химиялық қорғау костюмдерінде радиациялық қауіпті өлшеп, химиялық ластану деңгейін анықтады. Гептилдің тараған аумағын зерттеп, ол жерлерді жалаушалармен белгілеп қойды.

ТЖ департаментінің мамандарынан құралған басқа команда бұл уақытта өртті сөндіруге кірісті. Таралған химиялық бұлтты сумен бүркіді. Сұйықтықты желге қарсы шлангпен шашыратты. Отпен және химиялық залалмен күресу үшін апат орнына химик-барлаушылар келді. Сондайақ, АРС-14 автоқұю станциясы «ЗИЛ131» автомобилімен жетті. Мұндай цистернаға 2500 литр сұйықтық сияды. Шлангтарын жайып, су беруді бастау үшін 6 минуттан 8 минутқа дейін уақыт қажет.

Жұмыстар аяқталған соң құтқарушылар сабынды сумен шайынып, техникалар шөткемен жуылды. Бұл – машиналар мен адамдардың үстінен қауіпті химиялық элементтерді тазалау үшін қажет

– Өрт сөндіріліп, химиялық бұлт жойылған соң гептил төгілген жерді міндетті түрде қазып алу қажет. Содан кейін оны арнайы белгіленген жерге апарады. Қауіпті жерді өңдейді, қажет болған жағдайда күшті марганцовка ерітіндісімен тазалайды, – дейді Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Мұрат Қатпанов.

Ол, сондай-ақ, зымыран тасығыштарды ұшыру жолы, егер, төтенше жағдай орын алған жағдайда ұшу аппараттарының бөлшектері елді мекеннен алыс жерге барып құлауы үшін қарастырылғанын атап өтті. Алайда, қауіпті аймақта орналасқан ауыл немесе қала тұрғындарына зымыранның ұшатындығы туралы алдын ала ескертіледі.

Ұшу жолы орналасқан жерде зымыран тасығыштардың бөлшектері құлау зардаптарын жоюға Ресей компаниясының «Роскосмос» мамандары жауап береді. Егер, апат елді мекен маңында болса, ресейліктерге қазақстандық құтқарушылар көмек көрсетеді.

Оқу-жаттығуға 52859 әскери бөлімінің арнайы құрамының мүшелері қатысты. Олар 2007 жылы Жезқазған маңына «Протон» зымыран тасығышы құлау нәтижесінде болған зардаптарды жоюға қатысқан болатын. Жедел-құтқару отрядының қызметкерлері мен өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылған еді.

Қарағанды облысының аумағында 1993 жылдан бері зымыран тасығыш бөлшектерінің құлауы салдарынан барлығы алты апат орын алды. Оның соңғысы 2007 жылы болды.

Гептил – зымыран отынының құрамы. Ресейлік, француздық, америкалық зымыран тасығыштарда кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, спутниктік, орбиталық, планета аралық станцияларда, кейбір баллистикалық зымырандарда пайдаланылады. Тез тұтанады, улы зат болып табылады. Адам мен жануарлар өміріне аса қауіпті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button