Жаңалықтар

Жырмен өрілген «Қарашаның кеші»

Ақын Эльмира Сайлауқызы шығармашылық кешін берді. Ақынның кеші кітапханада немесе концерт залдарында ғана өтетіндей көрінеді Қарағандыда. Бұл кеш бұрынғыларынан өзгеше форматта өтті. Қаламгер оқырманын мейрамханаға жинады. Нәзік иірімдер мен әйел жанының тылсым мұңымен өрілген өлеңдерді іздеген жұрт, тіпті, билет сатып алып кірді. Бұл да ақынға қуаныш сыйлайды, әлбетте. Кіру тегін болса да, өлеңіңді іздеп ешкім келмесе ше? Поэзия кешіне облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолдау көрсеткен.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

«Қарашаның кешіне» қаламгерлердің аға буынымен қатар, ақынның замандастары да қатысты. Бағдат Мүбәрак, Нұрлан Әбілдин кештің қадірлі қонағы болды. Талдықорғаннан Азамат Нұрмұқан, Павлодардан Перизат Құрманәлі, Астанадан Таңшолпан Имантаева келді.

Замандас ақындар Эльмира Сайлауқызына деген ықыласы мен пейілін өлеңмен жеткізді.

Сөз алғандар ақындығын ғана емес, Қарағандыдағы мәдени өмірдің өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген қайраткерлігін де атап өтті. Жас ақындарға қамқорлық танытып жүргені де айтылды. Шәкірттері Мәди Бижан мен Нәзерке Алтынбек сөз алып, апайларының қамқорлығында болған тұстағы естеліктерімен бөлісті. Алған тәлім-тәрбиесі, көрген өнегесі жайлы айтып, өлеңдерін оқыды.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button