Жаңалықтар

«ӘDILЕТ» партиясы «Ortalyq Qazaqstan» газетін 95 жылдығымен құттықтады

«ӘDILЕТ» саяси партиясы қоғамдық бірлестігі Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков «Ortalyq Qazaqstan» газетінің ұжымын басылымның 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Cуреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бекзат Алтынбеков «Saryarqa Aqparat» медиахолдингіне арнайы барып, газет ұжымына ізгі тілегін білдіріп, алғыс хат табыстады.

Кездесу барысында ол «Ortalyq Qazaqstan» газетінің  ақпарат кеңістігіндегі орнына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, басылым жылдар бойы өңір тұрғындары үшін маңызды ақпараттың сенімді көзі болып, қоғамдық мәселелерді көтеріп, ел мен билік арасындағы ақпараттық байланысты нығайтуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар газет ұжымының өңірдің тыныс-тіршілігін тұрақты жариялап, өзекті мәселелерді оқырман назарына жеткізудегі еңбегін атап өтті.

Кездесу барысында Бекзат, редакция қызметкерлеріне шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және жаңа белестер тіледі.

Мерейтойға орай табысталған алғыс хатта басылымның өңірдің ақпараттық кеңістігіндегі маңызы мен журналистердің қоғамға қажетті ақпаратты сапалы әрі жедел жеткізудегі еңбегі атап өтілді.

Өз кезегінде «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің директоры Қайрат Әбілда мен «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабек «ӘDILЕТ» партиясының облыстық филиалына көрсеткен қолдауы мен құттықтауы үшін ризашылықтарын білдірді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button