Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Тамирлан Тілеулес 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы
Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Финалдық бәсекеде Тамирлан Тілеулес алғашқы кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де қазақстандық спортшы қарсыласына мүмкіндік бермей, 15:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Тамирлан Тілеулес финалды 2:0 есебімен аяқтап, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Бұл – Қазақстан таеквондосы үшін тарихи нәтиже. Тілеулестің жеңісі ел құрамасына Азия ойындарындағы таеквондодан алғашқы алтын медальді әкелді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



