Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

“Жырға айналған ғұмыр”

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловқа арналған көрме ашылды. 

Аталмыш шара жас жеткіншектерге ақынның мұрасын дәріптеу һәм насихаттауға арналған. Шара қонақтары арасында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков, ақын Серік Ақсұңқарұлы мен Ғалым Жайлыбай болды.

Көрмеде Қасым Аманжоловтың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер, ақынның өмірбаяндық артефактілері, деректі материалдары мен кітаптары таныстырылды. Сондай-ақ, ақынның мерейтойы «Астана» концерт залында «Жырға айналған ғұмыр» атты әдеби кешке ұласты. Кеште Нұр-Сұлтан қаласының филармониясы, Қарағанды облысының Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі, Қазақстан эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Клара Төленбаева, Гаухар Жүсіпова, Саят Әбдіғали және «Жарқын» би ансамблі өнер көрсетті.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button