Жаңаарқа

Жоба жүзеге асуда

   Облыс прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесе Жаңаарқа ауданында «Халық сенімі» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында прокурорлар, теологтармен және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға көмек көрсетеді.

Елімізде бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламалары қабылдануда. Соған сәйкес, мемлекеттік қолдауды нығайту, инновациялық жобаларды дамыту, салық, бизнес жүргізуге рұқсат беретін іс-құжаттарын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бидайық ауылы тұрғынының өтініші бойынша «Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-і аудан әкімдігімен бірлесе отырып, кәсібін бастаған кәсіпкерге үйірме ашуға көмек көрсеткен. Өз ісін дамыту мақсатында ауыл тұрғынына аудан әкімінің гранты тапсырылатын конкурсқа қатысу ұсынылған.

Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек көрсету – басты назарда. Өздеріне тиесілі жәрдемдерден хабары жоқ тұрғындар бар. Осыған орай, жұмыс тобы тарапынан дәрі-дәрмек, медициналық тексеріс және азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар, өзінің діни нанымына байланысты адасқан адамдармен дербес жұмыс өткізілуде. Бұдан басқа, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары дағдарыстық жағдайда өзін-өзі қалай ұстау керек екендіктері ақпараттандырылуда.

Бұл жұмыстар Жаңаарқа ауданының барлық ауылдық округтерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, 7 маусым күні «Халық сенімі» жобасы аясында Жаңаарқа ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылу құрметіне бірнеше спорт түрлерінен іс-шаралар өткізілді.

Дзюдодан 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында жарыс өтті. Мұнда Жаңаарқа ауданының ауылдарынан келген 70-ке жуық балуан күш сынасты. Осы күні бокстан 2003-2006 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасында турнир өтті. Тоғызқұмалақ бәсекесі ұйымдастырылды. Жалпы, спорттық іс-шараларда 150-ден астам адам сайысқа түсті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button