Поэзия

ЖОҚ ІЗДЕГЕН ЖАМПОЗ ЖАҚАҢ

Қалам алдың қолыңа он бір

жастан,

Толғандырып тау-толғау,

дала-дастан.

«Дружные ребята» газетінен

Шығармашыл алпыс жыл жол

басталған.

Біліп жүрдің жетпейтін бірдеңені,

Қайда кеткен түркінің іргелі елі?

Неге қазақ тарихы жазылмаған,

Нендей сырды жасырды

көмбелері?!

Ес білгелі шарқ ұрып іздегенің,

Мегзейді ме еліңнің жүз белеңін?

Олай болса 100 томдық тарих

қайда,

Осы емес пе уайымы Сіз бен менің?!

Тым әріде көңілге түйетінің,

Ізі қайда Алтай өркениетінің?

Толғандың да

Ібірахым пайғамбардай,

Түзде тыным таппадың, үйде

тыным.

«Қазағыңның тарихы –

шежіреде»,

Айтқан еді қайран ер тебірене.

Жиырма алты кітапты

туындаттың,

Тау-тасына өлкенің емірене.

Бас кітабың – сом «Алтай

шежіресі»,

Баяндалған байыппен ел үлесі.

«Арғын аға тарихы – Алтайда»

деп,

Айтқан Нәпіл – жұртыңның

тілеулесі.

Жоқ іздеген,

Жасай бер, жампоз Жақам,

Жоғын тапқан,

Жаза бер, айбоз ағам.

Ел мен Жердің тарихын

түгендеген,

Ер мерейін асқақтат, шандоз

Далам!

Сәбит БЕКСЕЙІТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button