Жаңалықтар

Сарыарқа көшесіндегі автожолдың құрылысы жалғасуда

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың айтуынша, Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде жаңа жол салынып жатыр. Солардың бірі – Сарыарқа көшесіндегі автожол құрылысының жалғасы. Жаңа жол учаскесінің ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды және ол Global City ауданындағы жолмен жалғасады.

М. Кожуховтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында жолға асфальт төселіп, тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршамдар мен жол белгілері орнатылады. Мамандардың айтуынша, жоба аяқталғаннан кейін тұрғындар үшін қосымша ыңғайлы жол ашылып, көлік қатынасы жеңілдей түседі, – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Мейрам Кожухов. 

Қазіргі таңда Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button