Жаңалықтар
Жезқазғанға ғарышкерлер қонады
«Союз МС-08» ғарыш кемесінің 3 ғарышкерден тұратын экипажы Халықаралық ғарыш станциясынан Жерге оралады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі .
Ресейлік Олег Артемьев және НАСА ұйымының екі астронавты Эндрю Фьюстел мен Ричард Арнольд станцияда 197 тәулік болған еді. Экипаж қазақ даласына, шамамен Жезқазған қаласынан 146 шақырым жерге қонады деп күтіледі.
Ресейдің орталық әскери округі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғарышкерлер қонады деп жоспарланған аймаққа 4 іздеу-құтқару техникасы жіберілген.