Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталғанын бұған дейін сүйіншілеген болатынбыз.

Сонымен қатар белгілі ғалымдарға, мәдениет және білім қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне «Парасат» ордені берілді.
Олардың қатарында жерлесіміз, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург Сергей Лохвицкий де бар. Қарағанды облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Медицина ғылымдары академиясының құрметті академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Нью-Йорк ғылым академиясының академигі Сергей Викторович Лохвицкийді мәртебелі марапатымен құттықтап, еңбегіне жеміс тілейміз.