Жаңалықтар

ЖЕРЛЕСІМІЗ – орден иегері

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ кәсіпқой бокс саңлағы Геннадий ГОЛОВКИНДІ қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Кездесу барысында Елбасы әлем чемпионына ілтипат білдіріп, қазақстандықтар оның кәсіби спорттағы жарқын жетістіктерін мақтан тұтатынын айтты. Қазақстан спортын танытудағы және еліміздің халықаралық имиджін арттырудағы зор ролін атап өтті.
– Сен өз салмағыңда ешкімге дес бермедің. Саған «мүлде жеңілмеген ең үздік нокаутер боксшы» деген атақ берілді. Бұл – зор жетістік әрі біздің спортымыз бен бүкіл Қазақстанды насихаттаудың жарқын мысалы. Біз сенің ерік-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болса, біз оған жағдай жасап, қол ұшын береміз, – деді Мемлекет басшысы.
Геннадий Головкин қолдау көрсеткені үшін және ел спортын, соның ішінде, бокс мектебін дамытуға зор көңіл бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
– Мен өз тарапымнан елімізді халықаралық аренада одан әрі таныту үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Егер, бәрі ойдағыдай болып жатса, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарымызда бар. Халқымыз осындай қызықты бокс бәсекесін тамашалауға әбден лайық деп есептеймін. Маңызы зор осындай жекпе-жекті барша жұрт көргісі келеді деген ойдамын, – деді боксшы.
Сонымен қатар, Головкин Қазақстан Президентіне WBC, WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасында бокстан алған чемпиондық белбеулерін сыйға тартты.
Соңында Президент жерлесімізді «Қазақстан Рес¬¬публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button