Жеңіс саябағына жөндеу қажет

Қарағандыдағы Жеңіс саябағы – көрікті әрі тарихи маңызға ие қоғамдық орын. Саябаққа түрлі ағаш отырғызылған. Жазда субұрқақ та жұмыс істейді. Бірнеше ойын алаңы бар.

Дегенмен, шаһар тұрғындары Сарыарқа көшесіне іргелес жатқан Жеңіс саябағының аумағын ретке келтіруді сұрайды. Олардың айтуынша, саябақтан «Орбита-2» аялдамасына дейінгі жолдың жағдайы нашар. Көктемде және күзде шалшық су мен саз балшықтан аяқ алып жүру мүмкін емес.

«Мұнда жаяу жүргінші жолын салуға бола ма? Жаңбырда бұл маңнан өту қиын. Айналып өту көп уақыт алады…», – дейді қала тұрғындары.

Мәдениет және демалыс сая­бақтарын басқаратын жауапты тұлғалар бұл аумақта канал орналасқандықтан, қандай да бір дүние салу мүмкін еместігін мәлімдеген. Алайда, 2024 жылы аталған аумаққа жақын тұрған Теннис орталығына жақын маңда спорт алаңының құрылысы бюджет қаражатынан салынатын көрінеді.

Сондай-ақ, Қазыбек би ауданы әкімі Ералы Оспанов бұл мәселенің қарастырылып, зерттеліп жатқанын айтты.

Жәлел ШАЛҚАР,
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.