«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIX еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Қарағанды қаласының С. Сәпиев атындағы бокс орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIX еңбек маусымының жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шараға «Жасыл ел» штаб қызметкерлерінен, сондай-ақ сарбаздарының тұратын облыстың барлық қалалары мен аудандарының делегациялары, еріктілер, мәслихат депутаттары, атақты спортшылар, қоғам қайраткерлері, облыс басшылығы, жастар, барлығы 800-ге жуық адам қатысты. Салтанатты шараға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Е. Әліқұлов, «Шахтер» ФК ойыншылары, отандық эстрада жұлдыздары құттықтады. Қалалар мен аудандардан келген делегаттар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатысушылары елді мекендерді көгалдандырумен, аумақтарды тазалаумен, өсімдіктер көшеттерін отырғызумен айналысады, экологиялық акцияларға қатысады.

Жоба Қарағанды облысында 2005 жылдан бері іске асырылуда және жастарды әлеуметтендіру, еңбек құндылықтарын дәріптеу, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, патриотизмге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу секілді маңызды міндеттерді қамтиды. Оған 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Биыл облыс бойынша жобаға 3000 адам қатысқан. Олардың 30%-дан астамы мемлекет тарапынан ерекше қолдауға мұқтаж санаттардың өкілдері болып табылады. Сарбаздарға орындалған жұмыстың жасына және көлеміне байланысты жалақы төленеді, фирмалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі, тимбилдингтер, эко акциялар, шеберлік сыныптары және т.б. қатысады.

Шара концерттік бағдарламамен тәмамдалды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.