Жаңалықтар

«Жасыл ел» жасақшыларының жалақысына 100 миллион теңге бөлінді

Қарағанды облысында «Жасыл ел» жасақшыларына жалақы төлеу үшін 2018-ші жылы 100 миллион теңге бөлінді. Ол жайлы «Жасыл ел» қарағандылық штабының жетекшісі Нұркелді Омарханов мәлімдеді.

Фото: karaganda-region.gov.kz

– Бұл 100 миллионның ішінен 44,4 млн теңге қала және аудан бюджеттерінен бөлінсе, облыстық бюджеттен 2,3 млн теңге, ал республикалық қазындан 52 миллион берілген. Тағы 2,3 млн теңгені жеке кәсіпкерлер, 0,7 миллион теңгені республикалық мемлекеттік мекемелер бөлген болатын, – дейді Нұркелді Омарханов.

Биылғы жылы 1300 жас азаматтарды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жоспарға сай олардың 1045-не республикалық бюджеттен қосымша жалақы төленетін болады. Бір адамға берілетін еңбекақы 35 394 теңгені құрайды.

– Маусымда 360 адам жұмыспен қамтылды, шілдеде – 445. Олар саябақтар мен гүл бақтарын жинастырып, 200-ге жуық ағаштар отырғызған, – дейді Нұркелді Омарханов.

«Жасыл ел» жасақтарының негізгі қызмет түрлері Қарағанды қаласы мен аудандардың саябақтары мен гүл бақтарын, гүлзарларын қоқыстан тазартып, көгалдандырумен байланысты. Басты нысаны – Қарқаралыдағы ұлттық саябақ.

Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button