Жастар жылының қорытындысы: Жаңа онжылдықтағы – жаңа мүмкіндіктер

Біздің облысымыздың әрбір бесінші тұрғыны – 30 жасқа дейінгі жастар. Қарағанды жастары – ел тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңімен бірге өскен ұрпақ. Қазіргі уақытта құндылықтар бағдары, инновациялық жобалары алға қойылған мақсаттарға бағдарланған жаңа жастар легі қалыптасуда.

Жастар жылы аяқталды. Дегенмен, облыстағы жастар саясатының дамуы бір ғана жылмен байланысты емес. Біз қарқындағы жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Келесі жыл Еріктілер жылы деп жарияланды, онда студенттер мен оқушы жастар белсенді рөл атқаратын болады.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында бірінші кезектегі жоспарлар мен жаңа деңгейдегі міндеттерді айқындады. Әлеуметтік саясаттағы басты басымдық – адами капитал дамуына, бірінші кезекте жастар және жасөспірімдерге кең ауқымды инвестициялар құю. Сондықтан, Жастар жылында жастар саласындағы маңызды мәселелерге, ақпараттық және мекен-жайлық жұмысты қамтитын жобаларға ерекше назар аударылды. Жастар жылы «Қолдау. Сенім. Мүмкіндік» ұранымен өтті. Тек қана жастар жобаларын дамытуға бюджеттен жалпы облыс бойынша 2019 жылы 878 млн. теңге бөлінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 50,6% жоғары (2018 ж. — 582,7 млн. теңге).

Жыл қорытындысы бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде ең маңыздылары – ауыл жастарының халықаралық форумы, «RoboLand-2019» V Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі, «Айбын» жастардың республикалық әскери-патриоттық жиыны және тағы басқалары.

Танымал әдебиетшілердің қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық жас ақын-жазушылар форумы өткізілді. Сонымен қатар, республикалық тәлімгерлер форумы, «Ассамблея жастары» аймақтық жастар форумы, жас журналистер мен блогерлер слеті болып өтті. Жоғары технологиялар саласында жастар стартаптарын қолдау үшін үшінші Халықаралық IT-форум ұйымдастырылды.

«Қазіргі заманғы ғылымның маңызды мәселелері: жас ғалымдар көзқарасы» атты жастардың ғылыми конференциясына студенттік және ғылыми жастардың қатысуын айтып кетуге болады.

Жастар арасында дебат қозғалысын дәріптеу мақсатында 2019 жылдың желтоқсанында Қарағанды облысы әкімінің кубогі үшін республикалық дебат турнирі өткізілді.

Барлық іс-шаралар жастардың қоғамдық бірлестіктерінің тікелей қатысуымен өткізілді. Бүгінгі таңда облыс аумағында 87 жастардың ҮЕҰ ресми түрде тіркелген. «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы», «Жас ұлан», «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, «Жарқын болашақ», «Қарағанды облысының Жастар одағы», «Теміртау жастар клубы», «Болашақ үшін», «Жас Орда» және тағы басқалары белсенді қызмет атқарады.

Жастар жылының басты оқиғасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 3 әлеуметтік бастамасы «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» аясында ЖОО және колледж студенттері үшін 4 жатақхана құрылысы мен қайта жаңғыртылуының басталуы. Аталмыш бастаманы жүзеге асыруға Қарағанды медициналық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжі белсенді қатысуда. 2022 жылға дейін 1000 орынға арналған 4 жатақхана қолданысқа берілетін болады.

Жастар жылы жастардың бастамаларын ынталандыратын жыл болды. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) қызметі мүмкіндік туғызады. Облыста 18 аймақтық және 1 облыстық ЖРО қызмет етеді. Орталықтардың қызметі жастарға психологиялық, құқықтық қөмек көрсету, бастамаларын қолдау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге және тағы басқаларына бағытталған. 2019 жылы облыс бойынша 280 мың адамның қатысуымен 3256 іс-шара өткізілді. Жетім балалар үйі түлектеріне ЖРО психологтері 192 құқықтық, 89 психологиялық және 54 ақпараттық кеңестер көрсетті.

Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасын Қарағанды облысы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес жүзеге асырады. Осындай кеңестер қала және аудан әкімдері жанында жұмыс істейді. 2019 жылы 40-тан аса отырыс өткізілді, соның ішінде 1 кеңейтілген отырыс, онда жастар саласындағы маңызды сұрақтар қарастырылды.

Ауылда жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында облыс әкімінің гранты табысталады. 2019 жылы облыстық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді. Жалпы 2005 жылдан бері 53,5 млн. теңгенің 188 гранты табысталды. Осындай жобалар облыстың аудандарында да жүзеге асырылуда.

Жастарды кәсіпкерлікке, бизнес ойларын жүзеге асыруға тарту мақсатында «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 1235 адам оқытылды, оның ішінде 863 адам гранттар алды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1547 жас азамат оқытылып, оның ішінде 347 адам грант алды.

Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында облыстың мектептері мен колледждерінде «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері» атты курстар ашылды, бизнес-инкубаторлар құрылды. Облыс колледждерінде «IT-технология негіздері», «Колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» курстары енгізілген, 26 бизнес-мектеп жұмыс істейді, студенттік конструкторлық бюролар құрылған.

Жастарды жұмыспен қамту бойынша кешенді шараларды іске асыру мақсатында, нәжижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 20 745 адам жұмысқа орналастырылды, 1573 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен атаулы жұмыс ұйымдастырылды. Бұл ретте қоғамдық ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ақпараттық насихат жұмыстарына басты назар аударылды. Жұмыссыз жастар санын азайту үшін базарлар мен вокзалдарда 11 жұмыспен қамту пункті ашылды. Олар «Бір терезе» қағидаты бойынша әрекет ететіндіктен – бірден мемлекеттік қызметтерді, Кәсіпкерлер палатасының, қаржылық қолдау қорының кеңесін алуға болады. Облыстың 13 өңірінде мобильді жылжымалы жұмыспен қамту пункттері жұмыс істейді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 4234 адам жұмысқа орналастыру орындарына жүгінді, оның 1423-і жастар. Олармен төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 838 адам жұмысқа орналастырылды, 619 адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді, 3264 адам қажетті кеңестер алды.

Жастар «Жасыл Ел» қозғалысына белсенді қатысады. Аталмыш жоба бойынша жастарды қамту 2 мың адамды құрады (2018 ж. – 1505). Бұдан басқа, салынып жатқан барлық нысандарда абаттандыру жұмыстары қарастырылған. Бұл жастарға облыстағы экологияны сауықтыруға, демалыс кезінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Облыс бойынша жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалануды түсіндіру мақсатында 32 ақпараттық топтың жұмысы ұйымдастырылды. Олармен 40 мыңнан астам адам қамтылған, оның ішінде ұйымдаспаған жастар да бар. 435 кездесу өткізілді. Танымал әлеуметтік желілерде жұмыс ұйымдастырылып, жастардың мүдделеріне қатысты қолданыстағы бағдарламалар мен жобалар туралы бейнероликтер орналастырылды. Әлеуметтік желілердегі ақпараттық материалдар мен бейнероликтерді барлығы 160 мыңнан астам жас азамат тамашалады.

2019 жылы «Жастар – Жастарға» мәдени-ақпараттық керуенінің өкілдері облыстың барлық өңірлеріне барып, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша жастармен кездесулер ұйымдастырды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп, атаулы көмек көрсетті. Керуен облыстың 32-ден астам ауылдық округ пен 9 қаланы аралап, 15 мыңнан астам адамды қамтыды.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 2019 жылы ауылдық жерлеррге 482 жас маман (2017 ж. – 151, 2018 ж. – 386) басым мамандықтар бойынша барды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспар табысты іске асырылуда. 2019 жылы аталмыш санаттағы жастарға жоспарланған 82 пәтердің орнына 133 пәтер берілді (162%). Тұрғын үй қатынастары саласында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Қазақстандық ипотекалық компания (ҚИК) өкілдерімен «7-20-25» жобасын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге байланысты шамамен 3500 адамның қатысуымен 100-ден астам кездесу өткізілді.

Жыл сайын еріктілер еңбегінің маңызы артып келеді. Қарағанды облысында студент және оқушы жастар арасынан 5000-ға жуық жастарды қамтитын 89 еріктілер тобы жұмыс істейді. Олар әлеуметтік, спорттық, экологиялық волонтерлік және тағы басқа негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Облыстық жастар ресурстық орталығында «VolteQ» еріктілер корпусы құрылып, жұмыс атқаруда.

Қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту шеңберінде «Жас сарбаз» әскерипатриоттық қозғалысы дамып келеді. Облыста 1300-ден астам адам шұғылданатын 63 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Жыл сайын әскери-патриоттық клубтар «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысады.

Жастардың пікірін зерттеу және проблемалық мәселелерді анықтау үшін басқарма жыл сайын өзекті тақырыптар бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Алынған зерттеу нәтижелері жастар саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға береді. Мысалы: жастардың 89,4% еліміздегі саяси жағдайды қолайлы деп бағалайды және оған қатысты өңірлік саясатқа оң баға береді (2018 ж. – 89,2%); жастардың 96,1% өз Отанын жақсы көреді және өзін патриотпын деп санайды (2018 ж. – 93%); қолайлы конфессияаралық жағдай сақталуда – 97% (2018 ж. – 96,7%).

2020 жылы Еріктілер жылы аясында және жастар саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында жастарды барынша қамти отырып, атаулы және ақпараттық насихатты күшейтетін жобалар жоспарланған. Оның ішінде: интернет-кеңістіктегі жұмысты жандандыру, «Жас блогерлер мектебі», Дебат қозғалысы, Street Workout бойынша облыстық жарыстар, Еріктілер слеті секілді маңызды жобаларды іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмысты, облыс өңірлерінде жүйелі талдау және мониторинг жұмыстарын жандандыру жүзеге асатын болады.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы.