Бас тақырыпРуханият

Батыр, жазушы, әдебиеттанушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 111 жыл

15 қарашада Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы, ғалым және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 111 жыл толды. Қазақ халқының даңқты перзенті майдан даласындағы ерлігімен ғана емес, ғылым мен әдебиет саласындағы өлшеусіз еңбегімен де ел жадында сақталды. Осы орайда батырдың өмір жолына қатысты көпшілік біле бермейтін бес деректі назарларыңызға ұсынамыз.

Бірінші дерек. Мәлік Ғабдуллин 14 жасынан бастап белгілі қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың отбасында тәрбиеленген. Болашақ батырдың азаматтық тұлғасының қалыптасуына жазушының ықпалы зор болды. Сәбит Мұқанов оның білімге құштарлығын оятып, рухани дамуына қолдау көрсетті.

Екінші дерек. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәлік Ғабдуллин майданда ерекше ерлік көрсетті. 1942 жылы Холм қаласы маңындағы шайқаста өзі басқарған жауынгерлер тобы жаудың екі танкісін жойып, 12 неміс солдатын тұтқынға алды. Жараланғанына қарамастан, ол жауынгерлік міндетін жалғастырып, майдан шебінен табылды. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Үшінші дерек. Соғыстан кейін Мәлік Ғабдуллин ғылым жолына бет бұрып, қазақ фольклорын, батырлар жырын және халық ауыз әдебиеті мұраларын зерттеуге айрықша үлес қосты. Ғалымның ғылыми ізденістері ұлттық әдебиеттану мен фольклортану саласының дамуына ықпал етті. 1959 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды.

Төртінші дерек. Мәлік Ғабдуллин 1953-1963 жылдары өзі білім алған жоғары оқу орнының ректоры қызметін атқарды. Ол білім беру ісін жетілдіруге, ғылыми ортаны дамытуға және ұлттық кадрлар даярлауға күш салды.

Бесінші дерек. Ғалымның қазақтың батырлық эпосын зерттеуге арналған «Қазақ батырлар жыры» атты ғылыми еңбегі жоғары бағаланды. 1972 жылы бұл зерттеуі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button