Жаңалықтар

Жастарға сенім сыйлады

Елбасының кезекті Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың өзекті мәселелеріне арналған. Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдай отырып, Президенттің халық жағдайына қатысты әр салаға баса маңыз бергеніне іштей риза болдық.

Жаһандық талаптар мен мемлекеттің табысты болуының кепілі – оның басты байлығы адамды дамыту болып табылады. Төменгі жалақыны, бюджеттік ұйым қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын арттыру әрбір қазақстандық отбасының материалдық жағдайын жақсарта түседі.

Шағын және орта бизнесті қорғау һәм қолдау, отандық тауарлар және қызмет көрсетулерді ілгерілету, ауыл шаруашылығын дамыту, әлем талаптарын ескере отырып, кәсіпорындарды жаңғырту – мұның барлығы өз еліңнің келешегіне деген сенімді күшейте түседі.

Нұрсұлтан Әбішұлы денсаулық сақтаудың дене шынықтыру, спортпен айналысудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, жайлы тұрмыс кешу, яғни, қолжетімді баспана, қауіпсіз алаң, сапалы инфрақұрылымның алғышарттарын құруға да жете мән беріп отыр.

Әсіресе, Мемлекет басшысының сапалы білімге назар аударғанына ерекше ықыласымды білдіргім келеді. Президент оның әр кезеңіне – мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жоғары оқу орнын аяқтаған соң жұмысқа орналасуына дейінгі аралықтағы үрдістерге қатысты дұрыс талаптар қойды. Өйткені, сапалы білім қазіргі уақытта адам капиталындағы басты критерий болып табылатыны белгілі. Білім саласына инвестиция құю – бұл болашаққа салынған инвестиция.

Жолдауда көрініс тапқан барлық мәселе – маңызды. Сондықтан, мен Елбасы Жолдауының барша қазақстандықтар тарапынан сөзсіз қолдау табарына күмәнім жоқ.

Ал, келесі жылдың Жастар жылы деп жариялануы, еліміздің әрбір жас азаматының сенімін серпілтері даусыз.

 Думан ТҮСЕНОВ,

Абай аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button