Жаңалықтар

Жас қыран

Жуырда 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Қызылорда облысында жалауын желбіреткен бәсекеде қарағандылық жас боксшы Бауыржан НЫҒМЕТОВ алтын медаль иеленді. Сөйтіп, Қуаныш ҚАУАШОВТЫҢ шәкірті бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. 

СУРЕТТЕ: Б.НЫҒМЕТОВ жаттықтырушысы
Қ.ҚАУАШОВПЕН бірге.

Жалпы, чемпионат қорытындысы бойынша, біздің облыс құрамасының нәтижесі көңілге қонымды. Қоржында – 4 алтын медаль. 40 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бауыржанмен қатар, Дамир Байпақов – 30 келі салмақ дәрежесінде, Ерасыл Ермек – 56 келіде және 58 келі салмақ дәрежесі бойынша Арман Аманов топ жарған. Екі жас боксшымыз күміс медальға қол жеткізсе, қарағандылық жеті жасөспірім қоржынды қоламен толықтырған.
Бауыржан бірінші кездесуінде ақтөбелік қарсыласынан басым түскен. Екінші кездесуінде Шығыс Қазақстан облысының жас боксшысын жеңіп, финалда Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ерасыл Әбділданы жеңген. 
Қазіргі күні Ә.Молдағұлова атындағы спорт мектебінде тәлім алып жүрген жас қыран Бауыржан Нығметовтен үлкен
үміт күтеміз! 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button