Жаңалықтар

Жезқазғандық жас өнертапқыш РобоҚол жасап шығарды

Жезқазғандағы жас техниктер 3D-принтерде маскалар мен басқа да құрылғыларды басып шығаруда. Балалар мен жасөспірімдер сарайының шығармашылық даму орталығы да қашықтықтан жұмысқа көшкен. ECOplus үйірмесінің жетекшісі Андрей Матвеев өз тәрбиеленушілерінің жетістіктеріне тоқталды.

– Роботатехника саласынын білім беру бүгінде белсенді дамып келеді. Қашықтықтан оқыту сабақтарында конструкторлық идеялар мен жобаларды әзірлейміз. Мәселелерді зерттейміз және ми шабуылының көмегімен шешу жолдарын ұсынамыз. Алдымен ZOOM конференция режимінде сабақ барысында 3D үлгісін жасаймыз. Соңғы дизайн аяқталғаннан кейін STL-форматтағы файлды жасаймыз, оны слайсерде өңдейміз және жетілдіреміз, файлды G-кодқа аударамыз әрі 3D-принтерде басып шығаруға жібереміз, – деп бөлісті оқу процесімен асүйінің оқытушысы.

Оқушылар робототехника әлеміндегі жаңалықтарды зерттей отырып, интернеттен де білімдерін тоқықтырады. Содан кейін өз баламаларын жасайды.
Арыстан Сембаев қашықтан білімін жалғастыру барысында өзінің «робоқол» манипуляторын жетілдірген екен. Сондай-ақ, оқушы арнайы қалқаны бар қорғаныш маска-респиратор үлгісін әзірледі.

– Арыстан өз модельдерін жергілікті супермаркетте сынап көрді. Әрине, ол құрылғысымен айналасындағыларды таң қалдырды. Ол робоқолдың көмегімен алған тауарларын себетке салған. Сатушылар бұл процесті бақылап, ерекше сатып алушының жетістігіне қуаныштарын білдірген. Болашақта Арыстан дүкенге барып, қажеттіні сатып алатын өз роботын құрастырғысы келеді, – дейді Андрей Матвеев.

Жас әрі талапты техниктер карантин кезінде басқа да пайдалы нәрселермен айналысуда. Олардың ішінде: гигиеналық және портативті ұстағыштар, робот-дезинфектор прототипі бар. Милена Чензе үйде смартфон немесе планшет арқылы басқарылатын электр құралдары мен құрылғыларды қашықтан қосу және ажырату үшін ақылды розетка құрастырған. 
Үйірме жетекшісінің айтуынша, үш 3D-принтерде күніне: есік тұтқасына арналған 30 гигиеналық ұстағыш; 60 жеке портативті ұстағыш; маска-респиратордан және қорғаныс қалқандарынан құралған 30 жиынтық басып шығаруға болады. Үш «Робоқол» манипуляторын жасап шығаруға бір апта уақыт қажет.

Басқа материалдар

Back to top button