Жаңа жобалар қолдау тапты

2015-2019 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасы тағы екі жобамен толықты. Инвестициялық жобалардың құны — 14,5 млрд.теңге көлемінде. Бұл жобалар іске қосылғанда 367 жаңа жұмыс орны қамтамасыз етілмек. Бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ төрағалық еткен үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мәлім болды.

Кеңес мүшелерінің назарына ұсынылған жобаның бірі – «Saryarka Copper prosesing” ЖШС-нің «Мыс катодын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Аталған жоба кен алудан бастап, оны өңдеуге, мыс катодын алуға дейінгі аралықтағы өндірісті қамтитын болады.

Бұл бағыттағы өнім алуда жоғары технология қолданылмақшы. Жобаға14 млрд.теңге қаржы құйылған. Нәтижесінде 350 жаңа жұмыс орны құрылмақшы. Зауыттың өніміне Қытай мен еуроодақ елдерінен сұраныс түсіп отырған көрінеді.

Одан кейінгі жоба – Балқаш қаласындағы «Эдванс Майнинг Технолоджи» ЖШС-не тиесілі. Мыс алуға негізделген зауыт металлургия өнеркәсібін дамытуға ықпал етпек. Сонымен қатар, Қазақстанда инновациялық технологияларды қолдану арқылы мыс катоды экспортын арттыруға үлес қоспақ. Өндірісте 17 жұмыс орны ашылады. Зауыттың өнімін өзімізден басқа Ресей, Қытай, Түркия, еуроодақ елдері тұтынбақ.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.