Жаңа спорт мектебі ашылды
Қарағанды қаласының әкімдігі мен білім бөлімінің қолдауымен Әлихан Бөкейхан ауданы, Сұрыптау кентінде балаларға арналған ұлттық жекпе-жек спор мектебі ашылды. Онда бір мезгілде 200-ге жуық спортшы жаттыға алады.
Бүгінде өңірде ұлттық жекпе-жек спорт түрі белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда аталмыш спорт түрі бойынша облыс намысын қорғап жүрген жерлестеріміз республикалық турнирлерде топ жарып жүр. Сұрыптау кентінің өзінде осы спорт түріне әуес жастардың қатары көп.
– Балалардың спортқа деген ынтасы жоғары. Ата-аналар да оларды үнемі қолдайды. Жаттықтырушылар да жеткілікті. Сондықтан, Сұрыптау кентінен осындай спорт мектебін ашуды жөн көрдік. Ауданның балаларын бір орталыққа жинадық, – деді Қарағанды облысы бойынша жекпе-жек федерациясының президенті Әділет Нұрмәдиев.