Тұрғындардың талап-тілегі бойынша 1-желтоқсаннан бастап №48 автобус жолға шығады.

Жаңа қалалық бағыт Вагонная көшесінің бойындағы басты жол арқылы Долинская, Монтажная көшелері арқылы жүрмек.
– Бұрын үлкен Михайловка тұрғындары №1 және №5 бағыттардың аялдамасына дейін бір шақырымнан астам жаяу жүретін. Тұрғындардың өтінішін ескере келе осы бағытқа қатынайтын №48 автобусты жолға шығаруды жөн деп таптық , – дейді қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.
І.ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ