Жаңалықтар

Жәрмеңке жаңа мүмкіндіктер ашты

Тамыз айының соңғы күндерінде Саран қаласындағы Мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша жәрмеңкеге екі қолға бір күрек іздеген жастар ғана емес, жаңа кәсіби шыңдарды бағындырып, қызметтің жаңа саласында бағын сынап көргісі келетіндер де, өмірлік қиын жағдайға тап болғандар да қатысты.

Жыл сайын өткізілетін жәрмеңкеде адам қарасы көп болды. Келушілердің қайсы болса да өзіне сай келетін жүмыс іздеуде. Бұл жолғы жәрмеңкеде жұмыс берушілер 250 маманға сұраныс салып келіпті. Сонымен қатар, шара барысында кез келген адам жүріп жатқан қайта даярлау курстары жайлы, адресті әлеуметтік көмек алу туралы, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті даАқтоғай ауданына – 90 жыл мыту бағдарламасы туралы қызықтырған ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Сөз орайы келгенде, кейінгі жылдары қаламызда қайта дарлау курстарының аса өзекті екенін айтқым келеді. Биылғы жылы 139 адам аталмыш курстардан өткен болса, былтыр 219 адам болған еді. Курстардан кейінгі жұмысқа орналасу деңгейі 99%-ды құрайды. Оқудан өтетін мамандықтар қатарына келсек, ол айтарлықтай кең. Ол күнделікті қажетті «шаштараз», «әмбебап тігінші», «слесарь-электрик», «механик» және басқалары. Биыл бұл қатар біраз мамандықпен толықты. Енді кез келген адам, түптеуші, электрондық теру мен верстка операторы, БӨҚмА слесарына оқи алады. Әр білім алушы жарты жыл бойы 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы алып отырады. Бұл да болса, жағымды көмек.

«Саран қаласы жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры С.Лихачева орталық ұйымдастыратын жәрмеңкелердің халық арасында маңызды екенін атап өтті. «Жәрмеңкелер жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер бетпе-бет кездесе алады, жұмыс іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, бір мезгілде бірнеше жұмыс берушімен сөйлесе алады, өздеріне қажетті барлық мәліметтерді де біле алады. Сондықтан, осындай жәрмеңкелер өте тиімді деп есептеймін»,– дейді ол.

Жәрмеңкеге жиырмадан астам ұйымдар мен мекемелердің өкілдері жұмыс іздеген жастарды да, оқу курстарынан өткендерді жұмысқа қабылдауға дайын. Жұмыс іздеушілерге «бухгалтер», «менеджер», «тігінші», «слесарь», «электрик», «кенші» мамандықтары бойынша бос орындарды ұсынды. Сонымен қатар, мамандарды кәсіби даярлыққа қабылдайтын қаладағы оқу орындардың өкілдері де шараға қатысты.

Сол күні жермеңкеге қатысқандардың бірі – Анастасия Дронина болды. Ол бала күтіміне байланысты демалыста отырған жас ана. Шараға ол кішкентай сәбиін де ала келіпті. «Мен демалыста әлі бір жылдай отырамын бірақ, еңбек нарығындағы қажеттіліктерді бүгіннен бастап білгім келеді. Мамандығым бойынша мен, бейнелеу өнері және сызу пәндері мұғалімі, суретшімін. Осындай шараның өтетіндігі туралы маған жұмыспен қамту орталығының өкілдері айтты. Тағы мамандық игеріп жатсам, әрине, артық емес. Сондықтан, бүгінгі шараға қатысу мен үшін қызықты»,– деді ол.

Орталық ұйымдастырған кезекті жәрмеңкеге барлығы 174 адам қатысты, оның 80-і жастар. Қаланың 66 тұрғыны жұмыспен қамтылды. Жұмысқа орналасу бойынша 17 жолдама берілді, оның ішінде, жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 9 адам жолдама алды. Сондай-ақ, 15 адам қаладағы колледждерде кәсіби даярлықтан өтетін болады. Қоғамдық жұмыстарға 25 адам жіберілді.

Бос жұмыс орындардың жәрмеңкесі өзінің өзектілігі мен қажеттілігін кезекті мәрте дәлелдеді. Қала тұрғындары жұмыс тауып, өз жағдайларын жақсартуға мүмкіндік алды. Еңбек нарығына қажетті, қоғам сұранысына жауап беретін мамандықтарды игеріп, өмірден өз орнын табу маңызды болып қала бермек.

Надежда ЦХАЙ.

Суретті түсірген К.Оспанова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button