Жаңалықтар

Жәрдем көрсетті

   Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті педагогика факультетінде «Студенттер альянсы» және «Good Way» еріктілер клубының бірігуімен қайырымдылық кеші өтті. Кештен түскен қаржы Зарема ЖАҚЫПОВАҒА берілді.

Айта кеткен жөн, қарағандылық Зарема Арманқызы–көмекке зәру балалардың бірі. Ата-анасынан ерте айрылып, ауыр дертке шалдыққан. Отбасындағы жалғыз ағасы да дертке шалдығып, ауруханада жатыр. Қазір Заремаға қарайласатын жан болмағандықтан, ол «Продленка» шағын орталығында қалуға мәжбүр. Ал, Зареманың шағын орталықта бір апта қалуына 22 мың теңге қажет.

Осы орайда Зареманың дертіне шипа болар деген ниетпен жастардың ерікті қоғамы қайырымдылық кешін ұйымдастырды. Сондай-ақ, жастар арасында қамқорлық, қайырымдылық секілді асыл қасиеттерді насихаттауды көздеп, әлеуметтік жағынан қорғалмаған, күнкөрісі төмен немесе ата-анасыз қалған балаларға шама келгенше материалдық көмек көрсетуді мақсат тұтты. Қайырымдылық шараларынан қалмайтын Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері осы кештен табылды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button