Облыс әкімі

Жөндеу жұмыстары – қатаң бақылауда

Облыс орталығындағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВТЫҢ қатаң бақылауында.

Кеше облыс әкімінің бірінші орын­басары Асылбек Дүйсебаев Қарағанды қаласындағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарымен танысты. Алдымен, 15 магистральдағы жөндеу жұмыстарын бақылады. Мұндағы мердігер – «Ритм» ЖШС тозығы жеткен асфальт-бетонды жабынды ауыстырып жатыр. Жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі – 32 мың шаршы метр. Барлық жұмыстар 15 қазанға дейін аяқталады деген болжам бар.

Бұдан соң Асылбек Дүйсебаев Май­құдық­тағы 12 ықшам ауданның аулаішілік автожолын жөндеу барысымен танысты. Бұл жол ұзақ уақыт бойы қанағаттанарсыз жағдайда болды. Мердігер ұйым – «Евразия Жолдары» ЖШС-нің басшысы жөндеу жұмыстарының Майқұдық тұрғындары үшін маңыздылығын айтты. Себебі, бұл жол Магнитогорская көшесін «Горняк» базарымен жалғайды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Совхозная көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл учаскеде су құбырлары орнатылып, асфальт-бетонды жабу төселген. Мердігер ұйым – «АрмСтрой» ЖШС-нің басшысы барлық жұмыстар дер кезінде аяқталатынын айтты.

Жұмыс сапарының соңында Асылбек Дүйсебаев Ленин көшесін қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл учаскеде 60 жол жөндеуші маман мен 30 арнайы техника жұмыс істеуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары жобаның қалалықтар үшін маңыздылығына тоқталып, осы бағыттағы қозғалыстың жылдам арада ашылуы қажеттілігін ескертті.

Сапар қорытындысында Асылбек Дүйсе­баев қала басшылығына және мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button