Ресми

Жұмысты күшейтуді тапсырды

      Пәтер тонау және мал ұрлығы мәселесі Қылмыстың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыланды. Аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ өзгенің мүлкін жымқыру дерегін азайту үшін жұмысты күшейтуді тапсырды.

Алдымен, 2015-2017 жылдары бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстың есебі тыңдалды. Кейін Қарағанды және Теміртау қаласының әкімдері баяндама жасады. Себебі, облыс орталығы пәтер ұрлығы бойынша көш бастап тұр. Металлургтер қаласы да ұрлық жасау қылмысынан қалыс қалмауда.

Полиция қызметкерлері ұсынған ақпаратқа сүйенсек, биыл Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында 4 400 пәтер тонау дерегі тіркелген. Бұл аймақтағы аталған қылмыс түрінің 71,6%-ын құрап отыр.

Ерлан Қошанов қала әкімдерінен бұл мә­селені назарда ұстауды талап етті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстың алдын алу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

Ал, ауылдық ағайын мал ұрлығынан зардап шегуде. Сондықтан, заң бұзушылықпен күресті аудандарда да күшейту маңызды.

– Облыстық ІІД, ветеринария басқармасы, қала, аудан әкімдеріне ұрлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныс жобаларын жасау қажет. Бұл жұмысты атқаруға 28 шілдеге дейін уақыт беремін, – деп тапсырма берді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі өзгенің мүлкін тонауға қарсы бағдарламаны жетілдіруге бағытталған жұмыстарды күшейту керек екендігін де айтты.

– Тек, ортақ күш салу арқылы ұрлықтың алдын алуда жұмыс сапасын арттырамыз. Сөйтіп,  мемлекеттік қызмет жөнінде қоғамның оң пікірін қалыптастырамыз, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button